Футбол: «Ақтөбе» Достастық кубогы турнирінің күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Ақтөбе» футбол клубы Мәскеуде өткен ТМД және Балтық елдері чемпиондары кубогы турнирінің күміс жүлдегері атанды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Финалда біздің команда Молдованың «Шериф» клубына есе жіберді. «Ақтөбе» мен «Шериф» арасындағы финалдық матчтың негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен тең аяқталғандықтан, жеңімпаз пенальти тебуден анықталды. Мұнда салқынқандылық танытқан молдовалықтар 5:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша «Ақтөбе» өз тарихында тұңғыш рет Достастық кубогының күміс жүлдесіне ие болды. Бұл бұған дейін аталмыш турнирге қатысқан қазақстандық клубтардың ішіндегі ең жоғары нәтиже. Айта кетейік, бұл турнирдің топтық кезеңінде «Ақтөбе» «А» тобында Ресейдің «Рубин», Арменияның «Арарат» және Өзбекстанның «Пахтакор» клубтарына қарсы ойнап, өз тобында бірінші орын алды. Ширек финалда Беларус чемпионы «МТЗ-РИПО-ны» 4:1 есебімен, ал жартылай финалда Әзірбайжанның «Интер» командасын 1:0 есебімен жеңді.
Соңғы жаңалықтар