Футбол: «Ақтөбе» Достастық кубогының ширек финалына шықты

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мәскеуде өтіп жатқан футболдан ТМД және Балтық елдері чемпиондарының кубогы үшін турнирде ел намысын қорғап жатқан «Ақтөбе» ширек финалға шықты,

Футбол: «Ақтөбе» Достастық кубогының ширек финалына шықты
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, «Ақтөбе» топтық турнирдегі бірінші ойынын Армения чемпионы - «Араратпен» өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетсе, екінші кездесуінде Ресей чемпионы - «Рубиннен» 2:0 есебімен басым түсті. Ал ертең біздің команда өз тобындағы соңғы матчын Өзбекстан чемпионы - «Пахтакормен» өткізеді. Екі кездесуде 6 ұпай жинаған жерлестеріміз үшінші ойынның нәтижесіне қарамастан плей-оффқа жолдама алып отыр. Осылайша «Ақтөбе» үшінші ұмтылыстан кейін барып, Достастық кубогының келесі кезеңіне өтті. Айта кетейік, «Ақтөбе» бұған дейін аталмыш турнирге екі мәрте қатысып, топтық турнирден аса алмаған еді.