12:07, 22 Қаңтар 2009 | GMT +5
Футбол: «Ақтөбе» Достастық кубогының жартылай финалына шықты
АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Ақтөбе» футбол клубы Мәскеуде өтіп жатқан ТМД және Балтық елдері чемпиондары кубогы турнирінің жартылай финалына шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Біздің команда ширек финалда Беларус чемпионы «МТЗ-РИПО» командасын 4:1 есебімен жеңді. Енді «Ақтөбе» ақтық сынға берілетін жолдама үшін Әзірбайжанның «Интер» командасымен кездеседі. Сондай-ақ, екінші жартылай финалдық ойында Өзбекстанның «Пахтакор» және Молдованың «Шериф» клубтары өзара шеберлік байқасады. Айта кетейік, бұл турнирдің топтық кезеңінде «Ақтөбе» «А» тобында Ресейдің «Рубин», Арменияның «Арарат» және Өзбекстанның «Пахтакор» клубтарына қарсы ойнап, өз тобында бірінші орын алды.
Ал, ширек финалда жоғарыда айтып өткеніміздей, Беларус чемпионы «МТЗ-РИПО-ны» 4:1 есебімен жеңді.