Футбол: «Ақтөбе» Еуропа лигасы турнирінен шығып қалды
АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Ақтөбе» футбол клубы 2009/2010 жылғы Еуропа лигасы турнирінен шығып қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақтөбе» осы лиганың плей-офф кезеңіндегі қарымта ойында кеше өз алаңында Германияның «Вердер» (Бремен) командасын қабылдап, 0:2 есебімен ұтылып қалды. Жерлестеріміздің қақпасына екі голды ойынның 10-шы және 45-інші минөттерінде Писарро соқты. Бременде өткен бірінші кездесу 6:3 есебімен германиялық клубтың пайдасына шешілген болатын. Осылайша қос матчтың қорытындысы бойынша 8:3 есебімен жеңімпаз атанған «Вердер» Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтті. Ал, «Ақтөбе» болса қазақстандық клубтардың ішінде ең соңғысы болып еурокубоктық турнирлердегі жарысын аяқтады.