Футбол: «Ақтөбе» мен «Локомотив» жеке дара көш бастады
АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 5-ші тур ойындарынан кейін Ақтөбенің «Ақтөбе» және Астананың «Локомотив» клубтары жеке дара көш бастады.
Бұлардың әрқайсысының еншісінде қазір 15 ұпайдан бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеше өткен 5-ші турда «Ақтөбе» Өскеменде жергілікті «Востокты» 4:0, ал «Локомотив» Павлодарда «Ертісті» 1:0 есебімен жеңді. Үшінші орынға Шымкентте жергілікті «Ордабасыдан» 2:1 есебімен басым түскенен кейін Премьер-лиганың дебютанты Жезқазғанның «Қазақмыс» командасы көтерілді. Қалған ойындардың нәтижелері мынадай: «Атырау»-«Тобыл» 2:2, «Оқжетпес»-«Жетісу» 1:0, «Қызылжар»-«Шахтер» 0:1, «Тараз»-«Қайсар» 2:1.