Футбол: «Ақтөбе» УЕФА Чемпиондары лигасының екінші кезеңінде Исландия чемпионымен ойнайды

АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -  2009/2010 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондары лигасының алғашқы екі кезеңінің жеребесі тартылды.

Футбол: «Ақтөбе» УЕФА Чемпиондары лигасының екінші кезеңінде Исландия чемпионымен ойнайды

Бұл турнирде Қазақстан намысын өткен жылғы ел чемпиионы - Ақтөбенің «Ақтөбе» клубы қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, жеребе бойынша «Ақтөбе» жарысты екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Бұл кезеңде біздің команда Исландияның «Хафнарфьордур» клубына қарсылас атанып отыр. Жерлестеріміз бірінші ойынын сырт алаңда шілденің 14-і немесе 15-і күні өткізетін болады. Қарымта ойын бір аптадан кейін елімізде болады.  Айта кетейік, бұған дейін біздің клубтар Исландия өкілдерімен бірде-бір ойын өткізбеген.