Футбол: «Ақжайық-2006» командасы Тараздан жеңіспен оралды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Ақжайық-2006» командасы футболдан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жапар Сауырғалиевті еске алуға арналған 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында Таразда өткен республикалық турнирден жеңіспен оралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, аса сәтті ойын өрнегін көрсеткен батысқазақстандық жасөспірімдер жартылай финалда Көкшетаудың «Оқжетпес-2006» командасын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Ал финалда Қарағандының «Шахтер-2006» командасын 2:1 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Оған қоса «Ақжайық-2006» жарысында Саят Қайленов үздік қақпашы, Эльдар Меңдіғалиев үздік ойыншы атағын иеленді.


