ФУТБОЛ: Әлем бойынша жыл қақпашысы атағына үміткерлер анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби футболшылардың халықаралық қауымдастығы (FIFPro) ұйым нұсқасы бойынша үздік жыл голкипері атағына үміткер қақпашылардың тізімін жариялады.
None
None

Шорт-параққа Клаудио Браво ("Барселона", Чили құрамасы), Джанлуиджи Буффон ("Ювентус", Италия құрамасы), Икер Касильяс ("Реал", Испания құрамасы), Тибо Куртуа ("Челси", Бельгия құрамасы) және Мануэль Нойер ("Бавария", Германия құрамасы) тәрізді ойыншылар ілікті.

Үміткерлердің 55 адамнан ішінен таңдалғаны атап өтіледі. Үздік голкипердің есімі 1 желтоқсанда жарияланады.

Өткен жылы Нойер үздік қақпашы болған, оған дейін бес рет қатарынан бұл номинацияда Касильяс жеңімпаз атанған еді, деп хабарлайды Интерфакс.

Соңғы жаңалықтар