16:39, 04 Шілде 2010 | GMT +5
Футбол: Әлем чемпионатының жартыолай финалында Уругвай- Голландия және Германия-Испания құрамалары кездеседі
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан футболдан 19-шы әлем чемпионатында финалға берілетін жолдаманы шілденің 6-сы күні Уругвай мен Голландия, ал шілденің 7-сі күні Германия мен Испания құрамалары өзара сарапқа салады.

Ширек финалда Уругвай матч соңындағы пенальтиден Гананы 4:2 есебімен жеңсе, Голландия Бразилиядан 2:1, Германия Аргентинадан 4:0, Испания Парагвайдан 1:0 есебімен басым түсті. Осылайша жартылай финалға үш еуропалық, бір латынамерикалық команда шығып отыр. Бұлардың ішінде Голландия мен Испания үшін тұңғыш рет әлем чемпионы атағын жеңіп алуға тамаша мүмкіндік туып отыр. Ал, Германия болса бұған дейін әлем біріншілігінде үш мәрте топ жарса, Уругвай екі рет әлемнің мықты командасы атанған болатын.