Футбол: Алматының «Қайраты» биылғы маусымда Премьер-лигаға қатыспауы мүмкін

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Алматының «Қайрат» футбол клубы биылғы маусымда Премьер-лигада емес, бірінші лига клубтары арасындағы біріншілікте өнер көрсетуді көздеп отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.«Бүгін Қазақстан футбол федерациясына Алматы қаласы әкімдігінің Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан хат келіп келіп түсті. Онда «Қайрат» футбол клубы» АҚ-ның қаржылық проблемаларға байланысты Премьер-лигаға қатыспайтындығы айтылған. Сонымен бір мезгілде «Қайрат» футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бірінші лига клубтары арасындағы біріншілікте өнер көрсетуге дайын екендіктерін білдірген», делінген Қазақстан футбол федерациясының қаңтардың 20-да таратқан хабарламасында.
Соңғы жаңалықтар