Футбол ардагерлеріне өмірлік зейнетақы төленетін болды

АЛМАТЫ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан Футбол федерациясының Атқару комитеті өмірлік зейнетақыға ұсынылған футбол ардагерлерінің тізімін бекітті.

Футбол ардагерлеріне   өмірлік  зейнетақы төленетін болды

Федерацияның интернет сайтындағы ақпаратқа қарағанда, бұл тізімді "Қазақстан футболы ардагерлері" қоғамдық қоры ұсынған. Енді олар ақпан айынан бастап өмір бойы ай сайын 30 мың теңге көлемінде ақша алып тұрмақ. Оған - КСРО спорт шеберлері Өмірбек Бекбосынов, Юрий Беласиков, Геннадий Костюченко, Роберт Антарян, Сейтжан Байшақов, Борис Ищенко, Владимир Чеботарев, КСРО спорт шеберлері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушылары Тимур Сегізбаев, Евгений Кузнецов және Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген бапкерлері Болат Ғалиев, Владимир Болотов, Анатолий Колибердин еніп отыр. Үміткерлерді іріктеу кезінде мынадай шарттар ескерілді. Спорт ардагерінің жасының 63-тен асуы, «Қазақстаның еңбек сіңірген бапкері», «Қазақстаның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстанның спорт шебері» дәрежелерінің бірін иеленуі. Оған сондай-ақ, бұл спорттық атақтарға КСРО-ның спорт дәрежелері де теңестіріліп отыр.