00:13, 11 Тамыз 2015 | GMT +5
ФУТБОЛ: «Астана»-«Ақтөбе» матчының өтетін күні ауыстырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана»-«Ақтөбе» матчы 14 тамыздан 13 тамызға ауыстырылды, деп хабарлайды, «Астана» ФК баспасөз қызметінен. Оған себеп - «Астана» футбол клубы УЕФА чемпиондар Лигасының плей-офф раундына қатысады.
Аталған матч Ақтөбе қаласындағы Орталық стадионда 13 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-де (Астана уақыты бойынша сағат 20.00-де) басталады. Ал дубльдегі құрамдар жекпе-жегі бір күн бұрын, 12 тамызда Ақтөбе қаласындағы №8 балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің алаңында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де өтеді.