Футбол: «Астана» испандық «Вильярреалдан» ойсырай ұтылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның "Астана" футбол командасы Еуропа Лигасының плей-офф сынында өз алаңында "Вильярреалдан" 0:3 есебiмен жеңiлiс тапты.
None
None

Бiрiншi таймда ойынды қарқынды бастаған алаң иелерi испаниялық клубтың қақпасына гол сала алмады. Керiсiнше, есептi 33-минутта Кани ашып, қарсыластар алға шықты. Екiншi таймда Джованни Дос Сантос есептi еселей түстi. Ал матчтың 85-минутында Марио Гаспар үшiншi голдың авторы атанды. Қарымта матч 28 тамызда Испанияда өтедi.

Соңғы жаңалықтар