ФУТБОЛ: «Астана» Кипрге жол тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана уақыты бойынша шамамен сағат 11:00 елордалық футбол командасы Кипрге аттанды. Алдағы сәрсенбі күні онда УЕФА Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінің АПОЭЛ-мен жауапты матчы өтеді, деп хабарлады Sports.kz.
Еске сала кетейік, командалар арасындағы алғашқы кездесу 1:0 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына шешілді.