Футбол: «Астана» клубының бас бапкері қызметінен кетті

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубының бас бапкері Мирослав Беранек өз қызметінен кетті.

Футбол: «Астана» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Чехиялық маман аталған клубты 2012 жылдың мамырынан бері жаттықтырып келген. Осы аралықта «Астана» Қазақстан Кубогының иегері атанып үлгерді. Ал бас маманның отставкаға кетуіне Еуропа Лигасы аясындағы қазақстандық клубтың соңғы ойыны себеп болды. Алғашқы айналымда Болгарияның «Ботев» командасынан 5:0 есебімен жеңілген астаналықтар жарыс жолынан шығып қалды. Ал негізгі мақсат үшінші айналымға дейін жету еді. Енді Беранек Ұлттық құраманың оқу-дайындығымен айналысады, деп хабарлайды Baq.kz.