ФУТБОЛ: «Астана» Қытай чемпионын ойсырата жеңді
АСТАНА.ҚазАқпарат - БАӘ-де оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан елордалық футбол клубы «Астана» бүгін Қытай Суперлигасының (Chinese Super League) 3 дүркін жеңімпазы «Шаньдун Лунэн» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астана» сапында Эрич (Мокин), Логвиненко, Аничич, Шомко (Малый), Шитов (Постников), Маевский (Станоевич), Ласлов (Мужиков), Бейсебеков (Зайнутдинов), Томасов (Муртазаев), Твумаси (Перцух), және Деспотович (Щеткин) өнер көрсетті.
Ойынның 25-минутында Юрий Логвиненко бұрыштама допты қақпаға баспен бағыттап, есеп ашты. Ал екінші таймда Джордже Деспотович (65-минут) және Юрий Перцух (89-минут) гол соғып, қортынды есеп 3:0 болды.
Айта кетейік, «Шаньдун Лунэн» қытайдағы ең беделді футбол клубы, 3 мәрте Қытай Суперлигасы және 1 мәрте Қытай А лигасының (Chinese Jia-A League) чемпионы атанған.
Еске салайық, бұл «Астананың» БАӘ-де өткізіп жатқан оқу-жаттығуының соңғы жолдастық кездесуі. «Астана» осы жиында «Спартак» (3:2), «Краснодар» (3:1) көрсеткіштерімен жеңіске жетсе, словениялық «Жилина» клубынан (0:1), шведтің «Хеккен» командасынан (0:2) есебімен жеңіліп қалды. Ал 6 ақпан күні «Астана» Қытайдың бірінші лигасының 7 мәрте чемпионы (China League One) «Ляонин Хувин» қақпасына жауапсыз 6 гол соққан болатын.