ФУТБОЛ: «Астана»-«Марибор» матчы оны тамашалауға жиналған жанкүйерлер саны бойынша еурокубок матчтарының үздік үштігіне енді
Айта кетейік, 22 шілде күні «Астана-Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астана» футбол командасы словениялық «Мариборды» қабылдап, 3:1 есебімен ұтты. Бұл матчты 23 650 адам тамашалаған.
Осылайша, бұл ойын ең көп жанкүйер жиналған ойындардың үштігіне енді.
Сонымен, еурокубоктардағы ең көп жанкүйер жинаған қазақстандық футбол клубтарының өз алаңындағы мачтары: 1. «Шахтёр» (Қарағанды) - «Селтик» (Шотландия). «Астана Арена» 29 950 көрермен тамашалады; 2. «Астана» (Астана) - «Вильярреал» (Испания). «Астана Арена» 27 500 көрермен тамашалады; 3. «Астана» (Астана) - «Марибор» (Словения). «Астана Арена» 23 650 көрермен тамашалады; 4. «Кайрат» (Алматы) - «Алашкерт» (Армения). «Орталық» стадион. 22 100 көрермен тамашалады.