Футбол: «Астана» мен «АПОЭЛ» арасындағы матчтың өтетін күні анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан чемпионы «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының плей-офф сынында кипрлiк "АПОЭЛ" командасымен болатын алғашқы ойынды 16 тамызда өз алаңында өткізеді.

Футбол: «Астана» мен «АПОЭЛ» арасындағы матчтың өтетін күні анықталды

Ал қарымта кездесу Кипрде 26 тамызда болады деп жоспарлануда.

Айта кету керек, жеңiмпаз лиганың топтық кезеңiне өтсе, жеңiлгенi Еуропа Лигасына өтеді.

"Астана" Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысуда. Екiншi іріктеу кезеңiнде елордалық команда словениялық "Мариборды" тiзе бүктiрген болатын. Кейiн турнирден ХИК-тi ығыстырды. Плей-офф кезеңіне өткен "Астана" 700 000 еуро табысқа кенелдi. Егер АПОЭЛ командасынан басым түссе, тағы 12 млн. еуро алуы ықтимал.