ФУТБОЛ: «Астана» мен «Батэ» кездесуіне байланысты елордада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат -18 тамызда сағат 20:00 «Астана-Арена» стадионында «Астана» ФК мен белоруссиялық «Батэ» командасының арсында УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф матчы өтеді.

ФУТБОЛ: «Астана» мен «Батэ» кездесуіне байланысты елордада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі

Осыған байланысты, Астанадағы Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін жабылады. 

«Қозғалыс кездесу соңына дейін шектеледі. Жүргізушілерге Орынбор көшесі арқылы жүру ұсынылады», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.