ФУТБОЛ: «Астана» швециялық «АИК» командасынан айласын асыра алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа Лигасының үшiншi раундында «Астана» швециялық «АИК» командасын қабылдады.

ФУТБОЛ: «Астана» швециялық «АИК» командасынан айласын асыра алмады

Тартысты өткен матч 1:1 есебiмен аяқталды. Алғашқы таймның басында бiрiншi болып қазақстандық футболшылар гол өткiзiп алған болатын. Тоғызыншы минутта соғылған доптың авторы Набиль Бауи атанды.

Ойынның 44-минутында Таңат Нөсербаев «Астананы» жеңiлiстен аман сақтап қалды. Айта кету керек, жергiлiктi футболшылардың басымдығы өте жоғары болды. Дегенмен, «АИК» қорғаушылары мен қақпашысы өте сауатты ойнады. Келесi матч бiр аптадан соң Стокгольмде болады.