ФУТБОЛ: «Астананың» азулы қарсыластары кім болмақ?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қазақстандық «Астана» құрамасының қарсыластары - бес команда белгілі болды.
Тізімге швейцариялық «Базель», шотландиялық «Селтик», кипрлік АПОЭЛ, белоруссиялық БАТЭ мен хорватиялық «Динамо» Загреб енді.
Жеребе тастау рәсімі жұма күні Астана уақытымен сағат 16:00 өтеді. Плей-оффтың іріктеу кезеңіндегі матчтары 18-19 және 25-26 тамызда болады, деп хабарлады sports.kz.