Футбол: «Астананың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Монакода Чемпиондар лигасының топтың кезеңіне жеребе тастау шарасы өтті. Онда «Астана» футбол клубының алдағы уақыттағы басты қарсыластары белгілі болды.
Сонымен, қыркүйектің 15-16 күндері басталып, желтоқсанның 8-9 күндері аяқталатын турнирдің топтық кезеңі барысында «Астана» командасы жасыл алаңда Португалияның «Бенфика», Испанияның «Атлетико Мадрид» және Түркияның «Галатасарай» футбол командаларымен кездеседі. Жалпы, Чемпиондар лигасында бақ сынасатын футбол командалары мынадай топқа бөлініп отыр: А тобы: «Пари Сен-Жермен», «Реал», «Шахтер», «Мальме». В тобы: ПСВ, «Манчестер Юнайтед», «ЦСКА», «Вольфсбург». С тобы: «Бенфика», «Атлетико» (Мадрид), «Галатасарай», «Астана». D тобы: «Ювентус», «Манчестер Сити», «Севилья», «Боруссия» (Менхенгладбах). E тобы: «Барселона», «Байер», «Рома», «БАТЭ». F тобы: «Бавария», «Арсенал», «Олимпиакос», «Динамо» (Загреб). G тобы: «Челси», «Порту», «Динамо» (Киев), «Маккаби» (Тель-Авив). H тобы: «Зенит», «Валенсия», «Лион», «Гент».