16:13, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
Футбол: Астананың «Локомотив» клубы биылғы маусымда бірінші рет жеңіліп қалды
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Өткен жексенбіде футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 8-ші тур ойындары өтті.

Көш басындағы Астананың «Локомотив» клубы биылғы маусымда бірінші рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Локомотив» өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасынан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Елордалықтардың бұл олқылығын ұтымды пайдаланған «Ақтөбе» «Атырауды» 2:1 есебімен жеңіп, ұпай саны жағынан оларды қуып жетті. Қазіргі таңда «Локомотив» пен «Ақтөбеде» 8 ойыннан кейін 21 ұпайдан бар. Бұл турдағы қалған кездесулердің нәтижелері мынадай: «Қазақмыс»-«Қызылжар» 1:1, «Қайсар»-«Оқжетпес» 2:1, «Ертіс»-«Восток» 1:1, «Жетісу» -«Тобыл» 1:0, «Тараз»-«Ордабасы» 0:5.