ФУТБОЛ: Атақты бразилиялық қақпашы 123-голын соқты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Бразилия чемпионатының 29- туры аясында өткен «Сан-Паулу» - «Баия» арасындағы матчта алаң қожайындарының қақпашысы Рожерио Сени өзінің кәсіби ғұмырындағы 123-ші голын соқты.

ФУТБОЛ: Атақты бразилиялық қақпашы 123-голын соқты

Ойынның 40-шы минутында 41 жастағы қақпашы айып добын дәл орындап, есеп ашқан болатын. Ойында 2:1 есебімен "Сан Паулу" жеңіске жетті.

Айта кетейік, биылғы маусымда Рожерио Сени 8 мәрте қарсыластардың қақпасын дөп көздеді. Ол өз командасының Алешандре Патодан кейінгі (9 доп) екінші сұрмергені болып табылады.