ФУТБОЛ: «Атырау» Иран чемпионымен тең ойнады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атырау» футбол клубы Иранның қазіргі чемпионы «Фулад» командасымен тең ойнады, деп хабарлайды «Мұнайшылар» баспасөз қызметі.
None
None

Түркияда өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Алғашқы голды ирандықтар салды. Үзіліске командалар 1:0 есебімен шықты. Дегенмен екінші таймда Константин Заречный 11 метрліктен қақпаны дәл көздеп, есепті теңестірді.

Бұл матч Владимир Никитенко шәкірттерінің Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы ойын болды, деп жазады vesti.kz.

Соңғы жаңалықтар