19:53, 10 Қаңтар 2012 | GMT +5
Футбол: «Атыраудың» қарсыластары белгілі болды
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Бірінші оқу-жаттығу жиынында «Атырау» командасы өзінің спарринг әріптестерін анықтады.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметіне қарағанда, аталған команда жолдастық жаттығу матчтарын 15 қаңтарда Голландия чемпионатының «СК Хроест» 4-інші дивизионының өкілімен өткізеді. Ал 18 қаңтарда украиналық «Черноморец» жоғары дивизионының командасымен, 22-29 қаңтар күндері аралығында Әзербайжанның жоғары дивизионындағы «Гавала», «Интер», «Хазар Линкоран» командаларымен кездеседі.