Футбол: «АЯКС» жанкүйеріне қатысты сот үкімі шықты
«alaman.kz» ұлттық спорт порталының мәліметіне қарағанда, «The Daily Mail-дың» мәлімдеуінше, үкімді Голландияның жоғарғы соты қабылдаған. Весли есімді қызуқанды жанкүйердің жасы небәрі он тоғызда екен.
Айта кетейік, «Аякс» фанаты мен «АЗ» қақпашысы Эстебан Альварадо арасындағы жекпе жек желтоқсанның 20-сы күні болды. 1/8 финалдың бірінші таймында бір жанкүйер алаңға жүгіріп шығып голкиперді ұрмақшы болады. Аталған жанкүйерді дер кезінде байқап қойған Альварадо оған қайтара соққы беріп жерге жығып салады. Ең қызығы, қақпашы өз-өзіне тұрып, төбелеске араласқаны үшін алаңдағы төрешіден қызыл қағаз алады. «АЗ» бапкері Герт Ян Вербек ойынның әрі қарай жалғасуы шәкірттері үшін қауіпті деп шешіп, командасын алаңнан алып кетеді. Матч 36-шы минутта тоқтатылды. «Аякс» 1:0-мен жеңіп тұрған.
Желтоқсанның 28-і күні Голландияның футбол Федерациясы матчты қайта ойнату жөнінде шешім қабылдады. Ал Альварадоға көрсетілген қызыл қағаз негізсіз деп танылды.
Голландия үкіметі әлгі жанкүйерді тек төрт айға бас бостандығынан айырумен шектелмеді, сонымен қатар футбол матчтары кезінде Голландиядағы кез келген стадион маңына жақындауға тыйым салды.