Футбол: «Барселона» Еуропа чемпиондары лигасының финалына шықты

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Испанияның «Барселона» клубы футболдан Еуропа чемпиондары лигасының финалына шықты.
None
None

Кеше, 3 мамырда өткен қарымта матчта «Барселона» тағы бір испаниялық команда «Реалды» қабылдап 1:1 есебімен тең ойнады. Алайда осыдан бір апта бұрын Мадридтегі Сантьяго Бернабеу стадионында өткен бірінші ойында 2:0 есебімен жеңіске жетіп, сөйтіп екі кездесудің қорытындысы бойынша қарсыласынан басым түскендіктен «Барселона» қарт құрлықтағы мәртебелі турнирдің ақтық сынына жолдама алды. «Барселонаның» финалдағы қарсыласы бүгін болатын Англияның «Манчестер Юнайтед» және Германияның «Шальке-04» командалары арасындағы кездесуде анықталады. Бұл клубтар арасында Германияда өткен бірінші ойында 2:0 есебімен ағылшындық клуб жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар