Футбол: Бауыржан Исламханның орнын Давид Лория басады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қыркүйекте Қазақстан ұлттық құрама командасы «Астана Арена» стадионында Черногория құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Хабар 24.  
None
None

Ресейде өтетін 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойыны кешкі сағат 22:00-де басталмақ. Бұл жолы қызыл қағаз алғаны үшін алаңға шығу құқығынан айырылған Бауыржан Исламханның орнына капитан болып, қақпашы Давид Лория шықпақшы. Сонымен қатар құрама команда бас бапкері Александр Бородюк баспасөз мәслихатында өткен жылғы ойынның қателігін қайталамауға тырысамыз деп уәде берді.

«Черногорияда өткен алғашқы ойында Қазақстан құрамасы 5:0 есебімен жеңілген еді. Ол ойында көптеген қателік болды. Стандарттық жағдайлардың көбісінде қорғаушылар не істеу керек екенін білмеді. Енді ертең сол қателіктерді жасамауға тырысамыз. Соған байланысты көптеген жаттығу өткізіп жатырмыз», - деді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк.

Соңғы жаңалықтар