ФУТБОЛ: «Бетис» командасын ұтқан «Барселона» Испания чемпионатындағы бірінші орнына оралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания біріншілігінің 36-шы турында «Барселона» «Бетис» клубын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлады ТАСС.
«Бетис» қақпасына Иван Ракитич пен Луис Суарес гол соқса, қарсылас команда ойыншысы Хайко Вестерманн екінші сары қағаз алып, ойын алаңынан қуылды.
Осылайша, 85 ұпай жинаған «Барселона» ел чемпионатының бірінші орнына қайтып келді, ол тең ұпай жинаған «Атлетико» клубынан қосымша көрсеткіштері арқылы басым түсті. 84 ұпай жинаған «Реал» үшінші орынды місе тұтты.
Келесі турда «Барселона» 8 мамыр күні «Эспаньолді» қабылдайды, сол күні «Бетис» «Эйбармен» кездеседі.