ФУТБОЛ: Бір қаланың қос командасы «Реал» мен «Атлетико» ЧЛ финалында кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реал» мен «Атлетико» бүгін Лиссабонда өтетін УЕФА Чемпиондар лигасының финалында бақ сынасады. Бұл 59 жылдық еурокубок тарихында болмаған жағдай, деп жазады РИА Новости.
Айта кетейік, бұл Еуропалық кубоктағы "Реалдың" 13-інші финалы, ал "Атлетико" осымен екінші рет финалдық кездесуге дейін жетіп отыр.
"Реал" 2002 жылы Чемпиондар лигасының 9-шы рет жеңімпазы атанған. Содан бері олар бұл жетістіктерін қайталай алмай келеді. Ал, «Атлетико» болса бұған дейін бір-ақ рет 1973-74 жылғы маусымда финалға жетіп, «Баварияға» жол берген.