02:49, 25 Сәуір 2014 | GMT +5
ФУТБОЛ: Брюссель Еуро-2020-ны өткізуге өтініш берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссель футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық ойындарын өткізуге өз кандидатурасын ресми түрде ұсынды.
Бельгия Футбол федерациясының басшысы Франсуа Де Керсмакер УЕФА штаб-пәтеріне өтінішті тапсырды.
Айта кетер жайт, қыркүйек айында УЕФА чемпионаттың финалдық ойындарын өткізуге лайықты 13 қаланы айқындауды көздеп отыр.