Футбол: Бүгін «Ақтөбе» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойынын Германияда «Вердермен» өткізеді

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін «Ақтөбе» футбол клубы  2009/2010 жылғы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойынын Германияда Бременнің «Вердер» командасымен өткізеді,

Футбол: Бүгін «Ақтөбе»  Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойынын Германияда «Вердермен» өткізеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.   

Қарымта кездесу тамыздың 27-сінде Ақтөбеде өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған команда  Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтеді. Атап өтерлігі, бұған дейінгі еурокубоктік жарыстарында қазақстандықтар неміс клубтарымен кездесіп көрмеген.

Жалпы Еуропа лигасының бұл кезеңінде 76 команда турнирдің топтық кезеңіне өту үшін таласады.

Айта кетейік, «Ақтөбе» 2009/2010 жылғы маусымдағы УЕФА-ның чемпиондар лигасының үшінші кезеңінде жарыстан шығып қалғандықтан, ережеге сәйкес Еуропа лигасынның турниріне қатысуда. «Ақтөбе» бұл турнирде жарысты екінші кезеңнен бастап, мұнда екі ойынның қорытындысы бойынша Исландия чемионы -«Хафнарфьордюр» командасын жеңді. Одан кейін үшінші кезеңде Израиль мықтысы - «Маккабиге» жол берді. Бірінші ойында жерлестеріміз өз алаңында израильдік футболшылармен  0:0 есебімен тең ойнағанымен, қарымта кездесуде сырт алаңда 4:3 есебімен ұтылып қалды.