Футбол: Бүгін Қазақстанның жастар құрамасы Болгария футболшыларын қабылдайды

АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстанның жастар құрамасы 2011 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы кезекті ойынын бүгін өз алаңында Болгария құрамасымен өткізеді,

Футбол: Бүгін Қазақстанның жастар құрамасы Болгария футболшыларын қабылдайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл біздің команданың іріктеу турнирі аясындағы екінші ойыны. Бірінші кездесуін жерлестеріміз наурыздың 29-да сырт алаңда Израильмен өткізіп, 1:1 есебімен тең түскен болатын. Алматының орталық стадионында өтетін бүгінгі кездесуге Данияның төрешілер құрамы қазылық жасайтын болады. Қазақстанның жастар құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі аясында Израиль, Швеция, Болгария және Черногория құрамаларымен бірге 6-шы топта өнер көрсетуде.