Футбол: Бүгін «Манчестер Юнайтед» пен «Барселона» командалары арасында чемпиондар лигасының финалдық кездесуі өтеді

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Италия астанасы Римдегі «Стадио Олимпико» стадионында футболдан Еуропа чемпиондары лигасының финалдық кездесуі өтеді.
None
None
Қарт құрлықтағы ең мәртебелі турнирдің бас жүлдесін Англияның «Манчестер Юнайтед» және Испанияның «Барселона» командалары өзара сарапқа салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Манчестер Юнайтед» ақтық сынға қос ойынның қорытындысы бойынша екінші бір англиялық клуб «Арсеналды» ұтып шыққан болатын. Ал Барселона болса, үшінші бір англиялық клуб «Челсиден» айласын асырған еді. Айта кетейік, былтырғы маусымда «Манчестер Юнайтед» осы турнирді ұтып алып, Еуропаның ең мықты командасы атанған. Енді олар бұл атағын қорғауға тырысып бағатын болады. Әзірге бірде-бір клуб Еуропа чемпиондары лигасының кубогын қатарынан екі мәрте жеңіп алған емес.
Соңғы жаңалықтар