Футбол: Чехияда қазақстандық студенттер командаларының арасында іріктеу турнирі өтті

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы елшілігі Чехиядағы «Тарлан» қазақстандық студенттер ұйымымен бірлесіп,
None
None

осы елдегі жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттердің арасында шағын футболдан «Eurokz-2014» студенттік кубогінің ақтық сынына іріктеу турнирін ұйымдастырды.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Жарыс қатысушыларына қарата айтқан сөзінде Чехиядағы ҚР Елшілігінің өкілі аталған спорттық сайыстың елде қатарынан бірнеше жыл өткізіліп, студенттік қоғамдастықтардың арасындағы дәстүрлі шараға айналғандығын атап өтті.

Жарыс нәтижесі бойынша, «Барыс» қазақстандық студенттер құрама командасы жеңімпаз және Кубок иегері атанды. Екінші орынды «Аякс» командасы, үшінші орынды «Скалеа» иеленді.

Турнир қорытындысы бойынша, футболшылар арасында чемпионаттың үздік ойыншылары атағы үшін екі аталым бойынша бәсеке ұйымдастырылды. Турнирдің «Үздік шабуылдаушысы» болып қазақстандық студент Вениамин Дмитриев, ал «Үздік қақпашы» болып Альнур Мұсабаев танылды.

Өткен жылы студенттік Кубок Польшада өтті, онда Чехиядағы қазақстандық студенттер бірінші орын алып, аталған турнирдің биыл Прагада өтуіне себепкер болды.

Соңғы жаңалықтар