ФУТБОЛ: «Челсиден» басым түскен «Атлетико» финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтің «Атлетико» командасы Чемпиондар лигасының жартылай финалдық қарымта кездесуінде лондондық «Челсиді» ұтып, турнирдің ақтық сайысына шықты.
Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Лондонда болған кездесу 3:1 болып қонақтардың пайдасына шешілді.
Сонымен, екі кездесудегі жалпы есеп - 3:1. «Атлетико» жанкүйерлерінің қуанышында шек жоқ.
Еске сала кетсек, Мадридте өткізілген бірінші ойында қарсыластар тең ойнаған еді. Есеп - 0:0.