07:45, 22 Наурыз 2014 | GMT +5
Футбол: Чемпиондар лигасының 1/4 финалдық ойындарының жеребесі тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариядағы Ньон қаласында Чемпиондар лигасының 1/4 финалдық ойындарының жеребе тарту рәсімі болып өтті.
Алғашқы матчтар 1-2 сәуір күндері өтеді. Қазіргі Еуропа чемпиондары Кубогының иегері мюнхендік «Бабария» англиялық "Манчестер Юнайтедпен" кездесетін болды. Ал өткен маусымда финалға шыққан дортмундық "Боруссия" мадридтік «Реалмен» ойнайды.
Лондонның «Челсиі» француздық "Пари Сен-Жерменмен" бақ таластырады. Соңғы жұп екі испандық клуб - "Барселона" және "Атлетико".