Футбол: Чемпиондар лигасының бірінші жартылай финалдық ойынында «Барселона» мен «Челси» кездесетін болды
АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Еуропа чемпиондары лигасының бірінші жартылай финалдық ойынында Испанияның «Барселона» және Англияның «Челси» командалары кездесетін болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Барселона» ширек финалда қос ойынның қорытындысы бойынша Германияның «Бавариясын», ал «Челси» екінші бір англиялық клуб «Ливерпульды» жеңіп шықты. Жартылай финалдың екінші жұбы бүгін Португалияның «Порту» және Англияның «Манчестер Юнайтед», сондай-ақ Испанияның «Вильяреал» және Англияның «Арсенал» клубтары арасындағы қарымта матчтан кейін белгілі болады.
Айта кетейік, былтырғы маусымда Чемпиондар лигасының кубогын «Манчестер Юнайтед» жеңіп алған болатын.