ФУТБОЛ: Чемпиондар лигасының ширек финалында «ПСЖ» - «Барселонаға», «Атлетико» - «Реалға» қарсы ойнайтын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 20 наурызда Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтіп, ширек финалда бақ сынайтын командалар анықталды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Чемпиондар лигасының ¼ финалының жеребе тарту нәтижелері:
«ПСЖ» (Париж, Франция) - «Барселона» (Испания)
«Атлетико» (Мадрид, Испания) - «Реал» (Мадрид, Испания)
«Порту» (Португалия) - «Бавария» (Мюнхен, Германия)
«Ювентус» (Турин, Италия) - «Монако» (Франция)
Чемпиондар лигасының ¼ финалының алғашқы кездесулері тізімде бірінші көрсетілген командалар алаңында 14-15 сәуірде өтеді. Қарымта кездесу 21-22 сәуірге жоспарланған. Ал финалдық матч 6 маусымда Берлиндегі «Олимпиаштадионда» өтеді.