09:17, 02 Қыркүйек 2014 | GMT +5
ФУТБОЛ: Д.Марадона мен З.Зидан Рим Папасы ұйымдастырған сайысқа қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим қаласындағы Олимпиада стадионында «Газа секторындағы бейбітшілік үшін» бастамасымен футболдан арнайы сайыс ұйымдастырылды. Матч Рим Папасының «Scholas» командасымен экс-футболшы Хавьер Санеттидің «Pupi foundation» клубы арасында өтті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Ойында 6:3 есебімен Санеттидің командасы жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, матчқа бірқатар атақты футболшылар, атап айтқанда: Диего Марадона, Роберто Баджо, Джанлуиджи Буффон, Зинедин Зидан, Лионель Месси, Неймар, Андреа Пирло, Алессандро дель Пьеро, Андрей Шевченко қатысты.
Понтифик Франциск көптеген жылдардан бері аргентиналық «Сан-Лоренсо» клубының жанкүйері. Алайда, Рим Папасының өзі Олимпиада стадионындағы ойынды тамашалауға келген жоқ, тек бәсеке басталар алдында оның сөзі жазылған бейнежазба көрсетілген.