14:13, 24 Қазан 2015 | GMT +5
ФУТБОЛ: Дертті балаларға көмектесу үшін Дэвид Бекхэм мен Зинедин Зидан бастаған жұлдыздар командасы алаңға қайта шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарашада ЮНИСЕФ аясында «Балаларға арналған матч» өтеді. Оған Англия мен Ирландия командасының капитаны болатын Дэвид Бекхэмді қоса алғанда, «Манчестер Юнайтедтің» көптеген атақты ойыншылары қатысады. Оны Алекс Фергюсон баптайтын болады. «МЮ» кездесу құрамасын жариялады, деп жазады eurosport.ru.

Англия мен Ирландия құрамы: Дэвид Симэн, Дэвид Джеймс, Сол Кэмпбелл, Джон Терри, Фил Невилл, Рио Фердинанд, Джейми Каррагер, Эшли Коул, Ники Батт, Дэвид Бекхэм, Пол Скоулз, Райан Гиггз, Майкл Оуэн, Энди Коул.
Қалған әлем командасының құрамы: Эдвин ван дер Сар, Кафу, Фабио Каннаваро, Алессандро Неста, Луиш Фигу, Роналдиньо, Патрик Виейра, Михаэль Баллак, Массимо Амброзини, Зинедин Зидан (капитан), Робер Пирес, Дуайт Йорк, Патрик Клюйверт, Уле-Гуннар Сульшер, Лэндон Донован. Бапкер - Карло Анчелотти.
Матчқа барлық билеттер сатылып кетті. Түскен ақша ЮНИСЕФ есебіне аударылады, ол кейіннен мұқтаж балаларға көмек ретінде берілетін болады.
Қайырымдылық ойыны 14 қарашада «Олд Траффордте» өтеді.