ФУТБОЛ: Дэвид Бекхэм үлкен спортпен қоштасты
АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Францияның ПСЖ ("Пари Сен-Жермен") клубының футболшылары мен жанкүйерлері кәсіби спорттан кеткен футболшы Дэвид Бекхэммен қоштасу шарасын өткізді,
деп хабарлайды BBC Russian.
«Брестпен» болған соңғы маусымдық матч ПСЖ жеңісімен аяқталды, есеп:3:0. Осы ойын соңына таман әйгілі футболшыны үлкен спорттан шығарып салу рәсімі өтті. Жанкүйерлердің қошеметіне жаны толқыған Бекхэм көз жасын жасыра алмады, деп жазады Baq.kz.
38 жастағы Бекхэм бұл шешімі жөнінде 16 мамырда мәлімдеген болатын. Саңлақ спортшы "Манчестер Юнайтед", "Престон Норт Энд", "Реал Мадрид", "Милан" және "Лос-Анджелес Гэлакси" клубтарында өнер көрсеткен еді.