17:19, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Футбол: Ел чемпионатына қатысатын клубтар үшін өтінім жарнасының мөлшері бекітілді
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Футбол федерациясы Премьер-лига клубтары арасындағы Қазақстан чемпионатына және бірінші лига клубтары арасындағы біріншілікке қатысатын командалар үшін өтінім жарнасының мөлшерін бекітті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ел чемпионатына қатысатын командалар үшін жарнаның мөлшері ? 25 млн. теңге. Оны 2009 жылғы наурыздың 1-не дейін төлеу қажет. Ал, бірінші лига клубтары үшін жарна - 6 млн. теңге мөлшерінде бекітілді. Оны биыл сәуірдің 15-не дейін төлеу керек.