Футбол: Эрич соңғы маусымда ойнамауы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астананың» голкипері Нанад Эрич тезесіндегі жарақатқа байланысты маусымның қалған мерзімін өткізіп алуы мүмкін, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Тәжірибелі қақпашы «Қызылжарға» қарсы 9-шы турдың матчіне қатысқан жоқ. Белгілі болғандай, Эрич тізесінің айқыш байламын жарақаттап алған. Бұл жарақаттың қаншалықты ауыр екені әзірге белгісіз. Осы орайда аяғына жасалған зерттеу шараларынан кейін ғана жарақаттың мән-жайы анықталмақ. Егер де қақпашының алған зақымы ауыр болса, онда футболшыға операция жасалуы мүмкін. Бұл ретте ол 5-6 айды өткізіп алуы ықтимал.
Дегенмен де, ешқандай да хирургиялық араласусыз, қақпашы профилактикалық ем-домнан ғана өтеді деген үміт бар. Осы жағдайда Эрич қатарға айтарлықтай ертерек қосылады.