Футбол: Ертең Қазақстан чемпионатының 5-ші тур ойындары өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 5-ші тур ойындары өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл турда көш басындағы командалардың барлығы сырт алаңда ойнайды. Мәселен, Астананың «Локомотиві» Павлодарда «Ертіспен», «Ақтөбе» Өскеменде «Востокпен», ал Қостанайдың «Тобылы» «Атыраумен» кездеседі. Сондай-ақ ертең «Ордабасы»-«Қазақмыс», «Оқжетпес»-«Жетісу», «Қызылжар»-«Шахтер», «Тараз»-«Қайсар» командалары өзара шеберлік байқасады.