Футбол: Ертең Қазақстан жастар құрамасының 2011 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталады

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының 2011 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталады.
None
None
Жеребе Данияның Орхус қаласында тасталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап. Іріктеу турнирі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оған қатысушы 52 команда он топқа бөлінеді және топтардың әрқайсында екі айналымнан тұратын турнир өтеді. Әр топтың жеңімпазы және нәтижелері үздік екінші орын алған төрт команда плей-оффта ойнауға мүміндік алады. Плей-офф кезеңіндегі жеті жұптың жеңімпаздары Данияда өтетін финалдық турнирдің жолдамасына ие болады. Топтық кезеңнің матчтары 2009 жылғы наурыздың 28-і мен 2010 жылғы қыркүйектің 7-сі аралығында өтеді.
Соңғы жаңалықтар