19:05, 06 Наурыз 2009 | GMT +5
Футбол: Ертең Премьер-лига командалары арасында 2009 жылғы Қазақстан чемпионаты басталады
АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең футболдан Премьер-лига командалары арасында 2009 жылғы Қазақстан чемпионаты басталады,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биылғы біріншілікте барлығы 14 команда өнер көрсетеді.
Бірінші турда «Қайсар» (Қызылорда) -«Ақтөбе (Ақтөбе), «Ертіс» (Павлодар) - «Жетісу» (Талдықорған), «Ордабасы» (Шымкент) - «Тобыл» (Қостанай), «Восток» (Өскемен) - «Атырау» (Атырау), «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Қызылжар» (Петропавл), «Тараз» (Тараз)- «Шахтер» (Қарағанды), «Қазақмыс» (Сәтбаев) - «Локомотив» (Астана) командалары кездеседі.