ФУТБОЛ: «Ертіс» үш ойыншысымен қош айтысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ертіс» футбол клубының қақпашысы Неманья Джоджо, қорғаушысы Якуб Хлебоун және шабуылшысы Глеб Мальцев командадан кетті, деп хабарланды клубтың сайтында.

ФУТБОЛ: «Ертіс» үш ойыншысымен қош айтысты

«Ертістің» бапкерлік штабы жазғы трансферлік маусымда Джоджо, Хлебоун және Мальцевтің келісімшарттарын тоқтату жөнінде шешім қабылдады.

Осы маусымда Неманья Джоджо негізгі құрамда үш ойынға қатысып, қақпасына бес рет доп өткізген болатын. Қорғаушы Якуб Хлебоун Премьер-лиганың 9 ойынына қатысып, 2 рет ескерту алған, сонымен қатар Қазақстан кубогының бір ойынына қатысып, нәтижесі голға әкелген бір пас берген. Ал шабуылшы Глеб Мальцев осы маусымда дубльде ғана өнер көрсетіп, негізгі құрамға өте алмады.