03:05, 14 Қазан 2015 | GMT +5
Футбол: ЕУРО-2016 іріктеу турнирінің қорытынды матчында Қазақстан Латвия құрамасынан басым түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Рига қаласында өткен ЕУРО-2016 іріктеу турнирінің қорытынды матчында Латвия командасынан 1:0 есебімен айқын басым түсті, деп хабарлайды sports.kz.

Айта кетейік, матчтың 65-ші минутында ойындағы жалғыз голды Исламбек Қуат соғып, есеп ашқан еді.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасына бес ұпай жинап, А іріктеу тобында бесінші орынға тұрақтауына мүмкіндік берді.
Қазақстан - Латвия, есеп 1:0 (0:0)
Гол: Қуат 65 (0:1) Ескертулер: Карашаускас 73 - Қуат 84 Қазақстан: Покатилов, Малый, Смаков, Энгель, Сүйімбаев, Шомко, Логвиненко, Қуат, Досмағамбетов (Қонысбаев 68), Нөсербаев (Гурман 82), Хижниченко (Щеткин 90) Латвия: Ванин, Максименко, Дубра, Габов, Горкшс, Лайзанс, Вишняков А. (Карашаускас 57), Цауня (Вишняков Э. 72), Зюзин (Икауниекс 83), Шабала, Ракель Бас төреші: Стивен Маклин (Шотландия) Ойын 13 қазан күні Рига қаласындағы «Сконто» кешенінде өтті.